Бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан облысы «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымына барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Аталмыш ұжымда бүгінде 17 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері. Мекемені Светлана Шишкина басқарады. Кәсіподақ ұйымының төрайымы – Галина Ашурбекова.

Жиында А.Бахтыбаев қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Сондай-ақ, кездесуде кәсіподақ мүшелері әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.


Жиын соңында кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары қатысушыларға өз алғысын білдіріп, ұжымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады.