Кәсіподақ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен өткен кездесуге «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» бас директорының орынбасары Бақыт Айнабеков, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгерім Жанконсова және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.


Аталмыш шарада сөз алған кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қатысушыларға кездесудің бастауыш ұйымдарды қолдау және еңбек ұжымдарымен тікелей кері байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізіп, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты.

Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіподақтар орталығында «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, кәсіподақ мүшелеріне қымет көрсетіп жатқандығы жөнінде айтып өтті.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелерін көктемнің шуақты мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, аталған ұжымда бүгінде 109 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Барлығы – кәсіподақ мүшесі.