Еңбек адамы – басты назарда

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев пен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Ержан Ноғайбаев, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Сайрам аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.


Бүгінде «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Сайрам аудандық филиалында 202 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Басшысы Беглан Абдихаев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асанәлі Қошанов.

Аталмыш шарада сөз алған Айдар Бахтыбаев қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Сондай-ақ, қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Халық бюджеті» жобасы туралы айтып өтті.

Кезекті сөзді алған «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Ержан Ноғайбаев кәсіподақ ұйымы құрылған мекемелерде медиацияны дамыту және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын шешудің басқа да баламалы әдістерін реттеу, еңбек қатынастары және түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде Кәсіподақтар орталығы жанында «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, кәсіподақ мүшелеріне тегін құқықтық көмек көрсетіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.