Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кітапхана қызметкерлері арасында сайыс өтті. Сайыс 4 топтан тұрды: “Түн” тобы, “Күн” тобы, “Сиыр” және “Барыс” тобы.

Сайысқа қатысушылар бірінші бөлімде жүргізушінің тапсырмасын орындады, екінші бөлімде дәстүрлі ән орындап, үшінші бөлімде өз өнерлерін ортаға салды. Әр топ өз тобының атына сай түн, күн, барыс, сиыр болып, арнайы кастюм киді.

Сайысқа қатысушыларды әділ қазылар бағалап, үздіктерді дипломдар мен арнайы сыйлығымен марапаттады.

Сайыс барысында халық әндері айтылып, би билеп, көрініс көрсетіліп, әзіл қойылым да тамашаланды. Қызықты да әдемі мерекелік шара болды.

Шараға қатысушыларға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Сарсембайқызы сәттілік тілеп, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.