Павлодарда ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Павлодар облысы Успен ауданының «Галицкое» ЖШС-де Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

«Галицкое» ЖШС директоры Александр Касицин кәсіпорынның 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта серіктестікте 400-ге жуық адам – бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері жұмыс істейді. Кәсіпорын республиканың ауыл шаруашылығы саласындағы озық өндірістердің бірі болып табылады. Жыл жақсы өндірістік көрсеткіштермен аяқталды.

Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 150 мың теңге деңгейіне жетті. Кәсіпорын қызметкерлері үшін барлық тұрмыстық жағдайларды жасайтын 40 тұрғын үй пайдалануға берілді: жылу, сумен жабдықтау, кәріз. Кәсіп түрлері бойынша шаруашылық бойынша еңбек бәсекелестігінің қорытындысы шығарылды.

Мамандық бойынша үздіктер 100-ден 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақыға ие болды. Екі қызметкер көтермелеу тәртібімен 2 жеңіл автокөлік алды. Бағалы сыйлықтармен марапатталған еңбек ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Мәдениет үйінің залында жиналған ауыл тұрғындарына көркемөнерпаздар қойылымдарымен мерекелік концерт берілді.

«Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма ұжымды Наурыз мейрамымен құттықтап, «Галицкое» ЖШС директоры А.Касицынға «Елеулі еңбегі үшін» медалін табыс етті. Серіктестіктің үздік жұмыскерлері ауыл шаруашылығы саласын және қоғамдық кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі «Еңбек Даңқы» салалық кәсіподақ белгілері және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерекелік концерт аяқталғаннан кейін мәдениет үйінің жанындағы көшеде халықтық серуендер ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындары үшін киіз үйде мерекелік дастархан жайылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапаттармен және сыйлықтармен марапатталды.