Павлодарда Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Павлодар облысының Кәсіподақтар үйі ғимаратында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Татуласу орталығының» жұмысы жақсы жолға қойылған, онда өңірдің әрбір тұрғыны кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады және медиация рәсімінен өте алады.

Медиация рәсімін өткізу бойынша қызмет көрсетуге Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне азаматтарды қабылдайтын және медиация рәсімін өткізуге қатысатын тәжірибелі кәсіби медиаторлар көмектеседі.

Осы мақсатта Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «МИР» өңіраралық Медиация орталығы» ЖМ, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, «Кәсіби медиаторлардың республикалық палатасы» РҚБ, «Павлодар облысының заң консультанттары палатасымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

2022 жылғы 25 наурызда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Келісім» медиация және құқықтық көмек орталығы» ЖМ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумды рәсімдеу нәтижелері бойынша «Келісім» медиация және құқықтық көмек көрсету орталығы» ЖМ басшысы мен ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова татуластыру орталығында медиация рәсімін жүргізу және құқықтық қолдау көрсету үшін азаматтарды бірлескен қабылдау өткізді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келісім» медиация және құқықтық көмек орталығы» ЖМ-мен өзара іс-қимылы ақпарат алмасу, еңбек дауларын шешу кезінде медиация институтын ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-шараларға қатысу, азаматтарды бірлескен қабылдау жүргізу арқылы жүйелі негізде жүргізілетін болады.