Ауыл тұрғындарымен кездесті

Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Қобда ауданындағы Жанаталап елді мекенінде тұрғындармен кездесті.

Жанаталап ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамту мәселесін қозғады. Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі азаматтардың өтініштерін топтастырып, тиісті жұмыстар атқаратын болады. Елді мекенде өткен қабылдауға 10 азаматтың талап-тілектері тыңдалды.

Олар бизнес бастау жобалары, жастарды ауылға тарту, тұрақты жұмыспен қамту, газдандыру мәселелерімен жүгінді. Сонымен қатар, ауылдағы мектепте бала саны аз болуына байланысты жабылу қаупі бар болғандықтан, ауылға жастарды тарту бойынша ұсыныстар айтылды.