Балалар жылына – базарлық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты аймақта бұл бағытта бірқатар игілікті шаралар жүзеге асып жатыр. Соның айғағындай 28 наурыз күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі тоғызқұмалақтан 8 – 10 – 12 жас ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өткізді. Жарысқа 1 қала және 7 ауданда өткізілген жарыстың жеңімпаздары, атап айтқанда 41 бала 20 жаттықтырушыларымен қатысып, оларға осы ойынның облысқа белгілі қазылар алқасы төрешілдік жасады.

Сайыстың ашылу рәсімінде облыстық салалық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Бағытжан Мусағали, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің VI сынып оқушысы Расул Нұрланұлы және бас төреші Айболат Шораев құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.

Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын дамыту және насихаттау, балалар арасындағы татулықты, достықты нығайту болды.

Жарыстың қорытындысымен 8 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында – Еламан Ержанұлы (Атырау қаласы, № 13 Д.Байбосынов атындағы орта мектебі) мен Аяжан Ерболатқызы (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), екінші орынды – Болат Нұрым (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі) мен Нұрай Мурсалимова (Атырау қаласы, М.Отаралиев атындағы орта мектебі), үшінші орынды – Жайдарбек Мұратбек (Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебі) мен Арша Кенжебекқызы (Исатай ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі) өзара бөлісті.

10 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында Райымбек Байғали (Жылыой ауданы, № 3 мектебі) мен Аяулым Жасболатқызы (Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектебі), екінші орынды – Нұрислам Өтеген (Қызылқоға ауданы, Қарабау орта мектебі) мен Гүлшат Балтабек (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), үшінші орынды – Рүстем Сайлаубай (Атырау қаласы, № 24 орта мектебі) мен Нарқыз Жасұланқызы (Исатай ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі) өзара бөлісті.

12 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында – Расул Нұрланұлы (Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі) мен Аружан Аязбай (Индер ауданы, Аққала орта мектебі), екінші орынды – Алихан Жұмағали (Индер ауданы, Аққала орта мектебі) мен Ақнұр Игілік (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), үшінші орынды – Санжар Жақау (Жылыой ауданы, № 8 орта мектебі) мен Амира Қонысқали (Атырау қаласы, № 24 орта мектебі ) өзара бөлісті.

Жарыстың жеңімпаздары облыстық салалық ұйымның дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің Алғыс хаты табыс етілді.