Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар оқытылды

«Павлодар облысының электр энергетикасы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастамасы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС кәсіпорнында еңбекті қорғау жөніндегі 16 техникалық инспекторға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Тәжірибелі сарапшы  Валентин Михайловский арнайы бағдарлама бойынша жеті сағат бойы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтық жағдайы және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау жөніндегі қызметі бойынша оқыту өткізді.

Семинар барысында теориялық білім беру станцияның еңбек қызметінде кездесетін практикалық мәселелерге негізделді.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағайымы С.Галеева өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың белсенді рөлі мақсатында оқытуды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс айтты.