Кәсіподақ мүшелері арасында жарыс өтті

Жуырда Атырау облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен №3 мектеп-гимназиясы базасында  «Атырау облысы су арнасы» КМК және «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметкерлері арасында спорттық ойын түрлерінен достық кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері  ішінде достық көңіл-күй қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттап, жұмыстан тыс уақытты тиімді өткізу.

Сайысты «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Еділ Ұзақбай ашып, кәсіподақ мүшелері арасында түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылып жүргенін атап, қатысушыларға сәттілік тілеп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, командамен сайысқа түсіп жатқан барша қызметкерлерге өз алғысын жеткізді.

Жарысқа қатысушы командалар шахмат, үстел теннисі, кір тасын көтеру, дартс, волейбол,кіші футбол ойындарынан бақ сынасып, жүлделі орындармен марапатталды.

Ережеге сай шахмат ойыны бойынша 1 орын – Тюлебаев Равиль , 2 орын – Құмаров Асылан, 3 орын – Есенжаров Тимур;
Үстел теннисінен 1 орын – Жұмажан Айтимбетов, 2 орын – Дауталиева Жанат, 3 орын – Кайргалиева Асем;
Кір көтеруден 1 орын – Мұратов Ғалымжан, 2 орын – Тауыргалиев Думан, 3 орын – Жангатаев Болатбек;
Дартс ойынынан 1 орын – Утарбаева Айнур, 2 орын – Нәсіпхан Нұралы, 3 орынға Айжарықов Рафхаттар ие болды.

Волейбол ойынынан «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ қызметкерлерінен құрылған команда жеңімпаз атанса, кіші футбол ойынынан «Атырау облысы су арнасы» КМК командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар  мен медальдар, кубоктер табысталды. Кәсіподақ мүшелері тарапынан алдағы уақытта да жұмыс кестесінен тыс ауызбіршілікті нығайтып, достықты қалыптастыруға сеп болар осындай спорттық шаралар жиі өткізілсе деген тілек айтылып, қызметкерлер ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп тарқасты.