Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері марапатталды

Қызылордада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы белсенділері мен кәсіподақ мүшелеріне Наурыз мерекесіне орай түрлі марапаттар табысталды.

Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық филиалына қарасты бастауыш ұйымдарда кәсіподақ жүйесінің дамуына үлес қосып, еңбек қатынастарының реттелуінде белсенділік танытып жүрген кәсіподақ мүшелері «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің “Үздік” төс белгісімен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат төрінен көрінген сала қызметкерлерін аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов құттықтады.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы Асылхан Абылайханұлы кәсіподақ белсенділеріне Қызылордалық жазушы Жан Акжановтың әлемді дүр сілкіндіріп, сала қызметкерлерінің жанкешті майдан шебіне айналған пандемия туралы “Вакцинация” кітабын табыстады.