Оңтүстіктің салт-дәстүрі өзге өңірлерге дәріптелуде

Бабалар салып кеткен дана жолмен, ата салтымызбен өмір сүру ұлттығымыздың басты міндеті. Дәстүрге сай өмір сүру, оның кейбір тұстарын заман талабына сай жаңғырта, бейімдей отырып қолдану – өнершілдіктің белгісі. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Әдет-ғұрып және салт дәстүр» орталығына Шығыс Қазақстан облысы, Семей мен Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларынан қонақтар келді.

Келген қонақтар орталықтың тұрмыс тіршілігімен танысып, өздерінің ойлары мен өз өңірлерінің салт-дәстүрлерімен бөлісіп, “Дара” деректі фильмін де тамашалады. Алдағы уақытта осындай орталық Қазақстанның басқа да қалаларында ашылса екен деген ниеттерін білдіріп, орталық қызметкерлеріне шығармашылық табыс тіледі. Арнайы келген қонақтарға ақ дастархан жайылып, ұлттық сусын мен бауырсақ ұсынылды.