Кәсіподақтар Жолдауды қолдайды

️«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауын қолдау мақсатында актив жиындарын өткізуде.


Кезекті жиын Мақтаарал аудандық кітапхана қызметкерлері мен «Мақтаарал аудандық № 1 БЖСМ» қызметкерлерімен жалғасты. Жолдауды Мақтаарал ауданының кәсіподақ мүшелері жылы қабылдады. Басты құжатта көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асыру туралы Мақтаарал аудандық комитеттің төрағасы Қасымбек Хаметов баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тәуелсіздігіміздің ұлы болашағының, Жаңа Қазақстанның жарқын бейнесін айқындайтын келелі мәселелерді ел назарына ұсынғанын жеткізді. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты орындау қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Жиын соңында бірқатар азаматтар кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды.