Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ел егемендігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздік құрдастарына Түркістан қаласындағы көпфункционалды кешенге туристік жолдама берді.

Бағдарлама бойынша ұстаздар көктемгі каникул кезінде Арыстан бабтың басына, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Укаша ата өзге де киелі орындарға барып, тәу етті. Сондай-ақ,«Керуен Сарайды» аралап, киелі өлкенің кереметтерін көзбен көрді.
