Әлеуметтік әріптестік жылы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов Баянауыл ұлттық табиғи паркінде, Жасыбай көлінің жағасында және «Черноярская жемчужина» санаторий-пансионатының құрылтайшысы Сәуле Смағұловамен кездесті.
Кездесу барысында «Қызмет» кәсіподағы мүшелерін сауықтыру және демалыс, кәсіподақ мүшелері үшін төмендетілген бағамен жолдамалар ұсыну және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мәселелері талқыланды.

