Еңбекті қорғау – адамды қорғау

Шарбақты ауданының білім бөлімі мен “Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ДБҰ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Салалық келісімді іске асыру шеңберінде білім беру қызметкерлерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Сапалы білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру процесінің ресурстық жабдықталуын жақсарту және т. б. үшін жағдайлар жасалуда.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің басым бағыты жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек заңнамасын және еңбек құқығы нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауына, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі, оның ішінде білім беру ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

“Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор” байқауына 10 техникалық еңбек инспектор қатысты. Олардың барлығы өз жұмыстары туралы қызықты материалдар ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен І орын – Шарбақты ауданы Жаңа ауыл ЖОББМ техникалық еңбекті қорғау инспекторы, математика және физика мұғалімі Селханова Олия Исламғалиқызына, ІІ орын – Шарбақты ауданы Шалдай ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Айтымов Нұрсұлтан Семенұлына, ІІІ орын – Шарбақты ауданы Арбиген ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторы Каткенова Асыл Генадьевнаға бұйырды.