Кәсіподақ алаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілді енгізу мәселелері талқыланды

Павлодар облысының салалық, жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағалары Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің диалог алаңында Павлодар облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың жетекшісі А.Денисюкпен кездесті.

“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдің қолданыстағы модельден айырмашылығы негізінен профилактикалық әдістерде, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның қауіпсіздік проблемаларын шешуде, құқық бұзушылықтарға емес, заңға бағынатын азаматтарға назар аудару басымдығында. Ведомствоаралық топ облыс әкімінің өкімімен мемлекеттік құрылымдар мен халық арасында тұрақты сенімді қарым-қатынас құру негізінде қауіпсіздік проблемаларын анықтау және шешу мақсатында құрылды”, – деп бөлісті А.Денисюк.

Кәсіподақ бірлестіктері ведомствоаралық топтың жұмысына қолдау білдірді. “Жоба аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің” “Татуластыру орталығыә учаскелік полиция пунктінің алаңдарында өткізілетін “Медиация сағатын” өткізуге белсенді қатысады, бұл облыс тұрғындары арасында татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына ықпал етеді”, – деп ұсынды Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.

Кездесу қорытындысы бойынша “Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің” татуластыру орталығының басшысы М.Иванова ведомствоаралық топтың құрамымен кездесіп, бірлескен іс-шаралар жоспарын айқындады.