Үздік техникалық инспектор анықталды

“Аққулы ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ҚБ филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Аққулы ауданының білім беру қызметкерлері арасында “Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор” іріктеу аудандық конкурсы өткізілді.

Конкурс мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, ҚР Еңбек кодексінің, “Кәсіптік одақтар туралы” ҚР Заңының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету болып табылады.

Аудандық іріктеу байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды Лебяжі орта мектебінің техникалық инспекторы Абуов Жеңісбек Төлеубекұлы, 2 орынды С.Сатыбалдин атындағы орта мектебінің техникалық инспекторы Шакилов Ибрагим Айтқалиұлы, 3 орынды Бесқарағай орта мектебінің техникалық инспекторы Шадиханов Ерганат Иранұлы иеленді.

Байқаудың облыстық кезеңіне ауданнан Лебяжі орта мектебінің техникалық инспекторы Жеңісбек Төлеубекұлы Әбуов қатысады.