Жеңімпаздар анықталды

Павлодар облысы Баянауыл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын анықтады.

Байқауға 5 мекеме қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша I орынды Баянауыл ауылының сәбилер бақшасының тәрбиешісі Айдана Балғабайқызы Есмакаева, II орынды Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Айдана Айтжанқызы Жақсыбаева, III орынды З.Ақышев атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Айнұр Жаңбырбайқызы Абжамитова иеленді.

Облыстық кезеңге Баянауыл ауданының намысын қорғауға Баянауыл ауылының сәбилер бақшасының тәрбиешісі Айдана Балғабайқызы жолдама алды.