Келісу комиссиясының мүшелерімен кездесті

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова және заңгері Ж.Жақиянова, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова ШЖҚ “Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы” КМК құрылған келісу комиссиясының құрамымен кездесті.

“Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында” 1214-тен астам қызметкерді қамтитын тәжірибелі кәсіби еңбек ұжымы бар, олардың 1000-нан астамы “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар филиалының мүшелері болып табылады.

2022 жылы келісу комиссиясы қызметкерлердің екі өтінішін қарады, олар бойынша келісу комиссиясы қабылданған шешімді жүгінген медицина қызметкерлерінің назарына жеткізді.

Келісу комиссиясының жұмысымен танысу барысында М.Иванова еңбек дауын татуластыру рәсімдерімен аяқтау мүмкіндігі туралы айтты.