Кәсіподақ жетекшісі су тасқынының алдын алу жұмыстарын бақылау аясында ауыл тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары А.Бердалин мен Ғ.Елеуов, Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Е.Данағұлов және облыстық кәсіподақтар орталығы бірлестігінің жетекшісі А.Әмірғалиев Қобда ауданында үш елді-мекен тұрғындарымен кездесті.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мамандандырылған 1, 2 және 4 өрт сөндіру бөлімі мен жедел құтқару жасағы аудан аумағында жұмыстар жасалынды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде апаттың алдын алып, қауіп сейілді.

Қобда ауданына қарасты Жарық ауылының кіреберісіндегі көпірдің су деңгейі 1,5 м құрады. Судың жайылған ені шамамен 500 м қамтыды. Қазіргі таңда алдын алу шараларының арқасында қауіп сейіліп, жағдай тұрақтандырылды.

Ал, Егіндібұлақ ауылындағы көпірдің су деңгейі 2,5 м көтерілді. 3 сәуір күні сағат 8-30 шамасында көпірдің шеті құлау себебінен Егіндібұлақ ауылын екіге бөліп жатқан Батпақты өзенінің үстіндегі көпірді ауыл тұрғындары болып, яғни, 40 адам қатысып, 1000 қапшық құм салынып қалыпқа келтірілді. 4 сәуір күні кешкі сағат 7-30 да көпірдің шеті жасалынып, жеңіл көліктер жүре бастаған.

Екі ауылдағы жағдай да аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің тікелей бақылауында. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауға алынған.