Салалық кәсіподақ төрайымы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

Шымкент қаласына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Светлана Кеңесқызы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеевпен кездесіп, кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында кәсіподақ тарапынан әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар, еңбек қатынастары, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, жалақыны көтеру және осы сала қызметкерлерінің мәселеріне тоқталды.

Бүгінде Шымкент қаласында 20-ға тарта мәдениет ошақтарында қызмет етіп жатқан 1522 адам кәсіподаққа мүше. Мәдениет саласындағы еңбек ұжымдарында ахуал тұрақты. Бұл Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы Шымкент қаласына бірінші іс-сапары емес, осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғаса бермек.