Тартысты өткен дода

Қарағанды облысы Бүркітті ауылының  №20 жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің арасында волейболдан жарыс өтті.

Жарысқа мектеп мұғалімдерінен құралған екі команда, мектеп қызметкерлерінің және шағын орталық ұжымының құрамалары қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортына деген қызығушылығын арттыру және алдағы болатын  жарыстарға  іріктеу өткізу болатын.

Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған бұл жарысқа аудандық кәсіподақ комитеті демеушілік жасады. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.