Әлеуметтік әріптестікті жетілдіру – басты мақсат

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев Түркістан облысының “Төлеби аудандық мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ердос Адилбеков пен ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және басқа да мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру туралы мәселелері талқыланды.