Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды

Павлодар облысында алғаш рет «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Жасөспірімдер чемпионаты – Abilympics» мектептерде оқитын ерекше балаларға арналған облыстық кәсіби байқау өткізілді.


Байқауды ұйымдастырушылар «Павлодар облысының білім басқармасы» және «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК болды.

«Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК шақыруы бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кәсіби конкурстың қазылар алқасының құрамына қатысты.

Abilympics жасөспірімдер қозғалысының негізгі миссиясы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тез өзгеретін әлемде саналы түрде мамандық таңдау, олардың білім алу траекториясын анықтау және болашақта еңбек нарығында өз орнын оңай табуға мүмкіндік беру.

Байқау арнайы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары мен мектептердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өтті. Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын дамыту, жұмысшы мамандығын кеңінен насихаттау, сән технологиясы құзыреттілігіне назар аудару.