Құқықтық сауаттылықты арттыру – заман талабы

Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан қаласындағы «Ныш-Ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұжымымен кездесті.

Кездесуде ҚР Кәсіподақтар федерациясымен жарияланған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында бірлесіп атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Сонымен қатар, айлық жалақының уақтылы төленуі, еңбек қатынастары және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыру, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбек шартын орындау, әлеуметтік шиеліністің және еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу бойынша атқарған жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.

Басқосу соңында жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы кәсіподақ жұмысын күшейту қажеттілігі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі әрдайым кәсіподақтардың күн тәртібінен түспейтінін айтып, жұмыстарына сәттілік тілеп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Айта кетерлігі, бүгінде ұжымда жалпы 120 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығы кәсіподақ мүшелігінің құрамында. Кәсіподақ төрағасы – Озат Бекқұлов.