Қауіпсіздік ережесі – теміржолдың басты қорғанысы

Қазіргі уақытта еліміздегі магистралдық теміржол желісінде ауыр жол техникасын көктемгі-жазғы жол жұмыстарына дайындау қарқынды жүргізілуде.

Дайындық аясында теміржолшылардың «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» кәсіподағының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы Қырқыншы станцияның ұжымымен кездесті.

Кәсіподақ өкілдері Халықаралық көлік қызметкерлерінің федерациясының «Қауіпсіз және берік теміржолдар үшін» акциясына қолдау көрсетіп, ақпараты бар арнайы парақшаларды таратты, сонымен қатар денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.