Ұстаздар ұлықталған күн

БҚО Казталов аудандық Ғ.Молдашев атындағы ЖОББ мектебінде ұзақ жылдар бойы мектеп басшысы қызметін атқарған білікті ұстаз Гүлмайра Абугалиевамен мектеп ұжымының кездесу кеші өткізілді. Құрметті ұстаз, білікті басшы ретінде құрмет көрсету, еңбек жолын кейінгі буынға үлгі ету мақсатында өткізілген кездесуде Айгүл Серікбайқызының орындауында “Ұстазым” әні шырқалып, Гүлмайра Нариманқызы басқарған жылдары жеткен “Мектеп жетістіктері” атты бейнеролик тамашаланып, әріптестері мен шәкірттерінің жылы лебізі, естелік әңгімелері тыңдалды.

Мектеп директоры Маншүк Ізбасарқызы мен мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы Самал Хамидуллақызы сөз сөйлеп, алғыс білдірді.


Ұстаздық еңбек жолында 32 жыл үзіліссіз мектепте абыройлы қызмет етіп, қадірлі басшы болған Гүлмайра Нариманқызына үлкен алғыс білдіре отырып, ұжым деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.