Елордада еңбекті қорғау мәселесі қамтылған семинар өтті

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Құрылыс кешені және ТКШ салалық кәсіподағының “Астана” қалалық филиалы “Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” атты семинар өткізді. Оған Филиалдың құрылымдық және мүшелік ұйымдарының өкілдері: кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің мүшелері, мемлекеттік еңбек инспекторлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.

Екі күндік семинар барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерімен, Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау саласындағы заңнамасындағы өзгерістермен, еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ) енгізу жөніндегі басшылықпен және ISO 45001:2018 еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесінің халықаралық стандартымен танысты. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен ережелері еңбек қатынастарының негізгі субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуге, әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттыруға, ұжымдық – шарттық қатынастарды дамытуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Статистика бойынша 2021 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 465 қызметкер зардап шекті, олардың 200-і қаза тапты,Соның ішінде: құрылыста 167 адам зардап шегіп, 42 адам қаза тапты, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында 82 адам зардап шегіп, 17 адам қаза тапты.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі-ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімсіздігі. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөнінде жекелеген шаралар қолдануға емес, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының халықаралық жүйесіне және Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілеріне негізделген еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруға міндетті.

Ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу: жарақаттану, апаттық және кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге; қаржы және адам ресурстарының ең аз шығындары кезінде ЕҚБЖ нәтижелілігін елеулі жақсартуға; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық, корпоративтік және басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін тетік құруға; мүдделі тараптарға тұрақты дамуды және мәселелер мен проблемаларды шешу қабілетін көрсетуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен байланысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өндірістегі қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің тиімді жүйесінің маңызды негізі – еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасып, семинардың жемісті сипаты туралы пікір білдірді.