Кәсіподақ үздік отбасыларды құттықтады

Ақтөбеде Зағиптар мәдениет үйінде отбасы құндылығын сақтау, жас отбасыларға ақыл кенес, тәлім-тәрбие беру мақсатында “Отбасы – Отан діңгегі” атты отбасылық сайыс өтті.

Сайысқа 6 отбасы қатысып, бақ сынасты. 4 кезеңнен тұрған шара керемет өтіп, қонақтарға мықты әсер берді. Тағдырдың тауқыметіне қарамастан ыстық ықыласты, батыл жүректі отбасылар – өмірде де, өнерде де үлгі болатын жандар!

Қазылар алқасы шешімімен Үмбетияровтар – “Парасатты отбасы”, Төлегеновтар – “Ынтымағы жарасқан” отбасы, Тілеумағанбетовтер – “Өнегелі” отбасы, Мадиновтар – “Өнерлі” отбасы, Сарсенбаевтар – “Үлгілі ” отбасы номенацияларына ие болды. Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің қәсіподағы атынан Төлегеновтар мен Мадиновтар отбасы арнайы сыйлықтармен марапатталды.