Кәсіподақ әлеуметтік әріптестік жылына орай турнир ұйымдастырды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында білім саласындағы әлеуметтік әріптестер арасында шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен өткен турнир өз мәресіне жетті. Спорттық жарыс № 4-ші Қарауылкелді орта мектеп гимназиясының базасында салтанатты түрде ашылды. Қатысушыларды Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Дербісов құттықтап, сәттілік тіледі. Жарысқа 20-дан астам білім беру ұйымының басшысы қатысып, бақтарын сынады.


Байғанин аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Хайырмұқанбетовтің екі бірдей ойын түріне өзі бастап қатысуы жарыс көрігін одан әрі қыздыра түсті. Турнирдің облыстық кезеңіне өткен турнир жеңімпаздарына шипажайға жолдама табысталды. Өзге жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.