Павлодар облысының жастары Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров Павлодар облысының жастарымен кездесу өткізді.


Кездесуде сайлау жүйесіндегі реформалар талқыланып, өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Іс-шараға Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Г.Атабаева қатысты.

Кездесу барысында ол қағаз бюллетеньдерде немесе қашықтықтан электрондық дауыс беруді қолдану арқылы гибридті дауыс беру нысанын енгізу перспективасы туралы сұрақ қойды.

«Халық санағы мысалында сайлау процесіне цифрландыру тетіктерін енгізу дауыс беру процесін неғұрлым ұтқыр етуге және соның салдарынан электораттың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Г.Атабаева.

Нұрлан Әбдіров жастар ортасындағы қоғамдық пікір көшбасшыларын сайлауға қатысудың маңыздылығын түсіндіре отырып, жастармен тұрақты қарым-қатынас жасауға шақырды.