Әлеуметтік әріптестер өзара келісімге қол қойды

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялады. Осы акция аясында Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының “Астана” қалалық филиалы мен “Нұр-Сұлтан қаласының Орта сапасы және бақылау басқармасы” ММ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруда, елорданың өкілді және атқарушы органдары мен кәсіподақ ұйымдарына халықтың сенімін нығайтуда бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру.