Салалық кәсіподақ төрағасы театр ұжымын толғандыратын мәселелермен жіті танысты

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының өкілдерінің Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақ театры» КМҚК еңбек ұжымымен кездесуі өтті.


Кездесуге Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова, заң клиникасының басшысы Дүйсембі Қарабаев, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрайымы Любовь Шестакова, облыстық қуыршақ театрының директоры Николай Михерский, кәсіподақ комитетінің төрайымы Ольга Коротченко және кәсіподақ активі қатысты.

Кездесуді ашқан Ирина Аронова қарапайым кәсіподақ мүшелерінің нақты жағдайымен танысуға және олардың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін еңбек ұжымдарымен осындай кездесулерді өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Облыстық қуыршақ театрының бастауыш кәсіподақ ұйымы 2012 жылы құрылды, оның төрайымы Ольга Коротченко болып табылады. Қазіргі таңда ұйымда 60 адам жұмыс істейді, оның ішінде 26 қызметкер кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы ұйымның қызметі және пандемия кезінде ұжымның қиындықтарын еңсеру туралы айтып, кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсету, құқықтық қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ұжымдық шарттың негізгі ережелерімен таныстырды. Жыл сайын кәсіподақ комитеті түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігіне тарту бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында қуыршақ театрының қызметкерлері ең өзекті және толғандыратын тақырыптарға сұрақтар қоя отырып, диалогқа белсенді қатысты. Театрдың әлеуметтік және басқа да аспектілердегі негізгі проблемасы жалақының төмендігі, оның шаруашылық қызметін қаржыландырудың жеткіліксіздігі болып табылады.

Кездесу соңында Ирина Аронова көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Театрдың қызметкерлеріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, бақылау мен шешуді талап ететін көптеген проблемалар көтерілген жанды қатынастың маңыздылығын атап өтті.