Түркістандық педагогтармен жүздесті

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла 2022 жылдың 18-20 сәуір аралығында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты №13 колледжі мен Түркістан қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаздарымен кездесті.

Кездесу барысында Жандос Шайдулла даулы жағдайларды алдын алу және оны шешудегі кәсіподақтың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен тенденциялар туралы бастауыш кәсіподақ мүшелерімен қызу пікір алмасты. Сонымен қатар, еңбек қатынастырын реттеу және ұстаздарымыздың еңбек құқығын қорғау – кәсіподақтың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Кездесу соңында ұстаздар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына бастауыш кәсіподақ ретінде мүшелікке қабылдауын және әлеуметтік әріптестік орнатуға ниеттерін білдірді.

Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, білім берудегі тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мақсаттарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, әлемдік білім беру кеңістігіне отандық білім берудің сәтті ендірілуін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету – ұстаздардың қолында.