Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Кәсіподақ өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия – Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын маңызды міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Жиынды бастап ашқан Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” Тұжырымдамасын дамытудың және еліміздің тыныс-тіршілігінің барлық салаларын серпінді реформалаудың маңыздылығын атап өтті.

Қоғамдық бірлестіктер заңға сәйкес мемлекеттің сыбай¬лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлес¬тіреді. Өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының басшысы Назгүл Әзтаева Кәсіподақтар федерациясының базасында құрылған Заң клиникасының жұмысы туралы баяндай келе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жанама қатысы бар еңбек дауларының проблемалық мәселелеріне тоқталды. «Бүгінде еңбекақыны конвертпен төлеу, еңбек шартын жасамау, жалақыны уақытылы бермеу жағдайлары әлі күнге дейін азаймай отыр. Бізге азаматтар осындай мәселелермен жүгінеді», – деді Н.Әзтаева.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Азамат Менсейтов: «Сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы тиіс. Егер де біз сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсетсек, әлеуметтік әділеттілік қағидасына бой бұрсақ, бәсекеге қабілетті қоғам болатынымыз айқын. «Әділдік мақсатқа жеткізеді», – дейді дана қазақ халқы. Жас кәсіподақ көшбасшылары осы қағиданы берік ұстанады. Және де Мемлекет басшысының Жолдауына жан-жақты қолдау білдіреді», -деп атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар айқындалды.