Ұстаздар салауатты өмір салтын қолдайды

Спортпен шұғылдану, мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ю.Гагарин атындағы білім мекемесінде Бұқар жырау аудандық кәсіподақ комитеті, білім бөлімі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы білім қызметкерлері арасында үстел теннисі, волейбол, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен аудандық турнир өткізілді.

Сайысқа жалпы ауданның барлық мектептерінен білім қызметкерлері  қатысып, бақтарын сынады. Ашылу салтанатында Кәсіподақ комитетінің  төрайымы Эльвира Хамитова және білім бөлімінің әдіскері Ернұр Тілешев, спорт бөлімінің басшысы О.Цыганков сөз алып, сәттілік тіледі.

Жалпы сайыс спорттың 4 түрі бойынша, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және волейболдан өтті. Спорттық сайыстың қорытындысы бойынша жабылу сәтінде марапаттау және құттықтау кезеңінде Кәсіподақ комитетінің төрайымы Эльвира Хамитова және білім бөлімінің әдіскері Ернұр Тілешев, спорт бөлімінің басшысы О.Цыганков марапаттау сәттерін жасап, сайыс жыл сайын дәстүрге айналып өткізіліп тұратындығы жайлы айтты.

Жеңімпаздар кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хаттармен, кубок және медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.