Елордалық “Қызмет” кәсіподағы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

“Қызмет” салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ҚР Президенті Іс басқармасының “ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы” ШЖҚ РМК-да құрылған жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықтырылды.

Филиал төрағасы Атақозы Нұрлановтың айтуынша, аталған кәсіпорынның ұжымы кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсынысты қуана қабылдап, 201 адам мүшелікке кірді.

“Болашақ” деп аталған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып ҚР ПІБ “ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы” ШЖҚ РМК №4 корпусы “Министрліктер Үйі” ғимаратының шаруашылық қызметінің басшысы Қайрат Түсіпбаев бірауыздан сайланды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК 1997 жылдың қазан айында құрылды.

Негізгі қызмет саласына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің қызметтік ғимараттарын пайдалану мен күтіп ұстау және жабдықтау функцияларын орындау кіреді.