Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге салалық кәсіподақ бірлестіктерінің бастауыш, жергілікті филиалдарының төрағалары, кәсіпорындардың еңбекті қорғау қызметтерінің басшылары, облыстың ірі кәсіпорындарының еңбекті қорғау жөніндегі аға техникалық инспекторлары қатысты.

Іс-шараны өткізуге өңірдің еңбек басқармасының басшысы, Павлодар облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Капанов қатысты.

Өз сөзінде А.Капанов 2021 жылы өңір кәсіпорындарында орын алған өліммен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасады, “Vision Zero” нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының 7 алтын ережесін білу қажеттігіне назар аударды, еңбекті қорғаудың оң мәдениеті қағидаттарын ілгерілету мақсатында анықталған еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері туралы «белгілер» беру арқылы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы диалогты оқытуға және дамытуға ерекше көңіл бөлуді ұсынды.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілі туралы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы А.Құсайынов және бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілі Н.Сатимов айтып берді. «KSP Steel» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Аралов «KSP Steel» ЖШС филиалын мысалға ала отырып, әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қоғамдық бақылау туралы айтты.

Аға техникалық инспектор В.Скворцов «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті.