Павлодарда үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Павлодар облыстық үшжақты комиссиясы өз отырыстарында еңбек қатынастарын және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін, жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерге мониторинг жүргізу, еңбек даулары мен жанжалдарды болдырмау жөніндегі мониторинг нәтижелерін, жұмыс берушілердің қызметкерлердің жаппай босатылуына жол бермеу жөніндегі шараларды, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары О.Кругтың төрағалығымен өткен облыстық үшжақты комиссия отырысында «Павлодар ауданының емханасы» ШЖҚ КМК өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Отырысқа Комиссия мүшелері, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрайымы С.Төлегенова қатысты. Комиссия мүшелері қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Р.Қизатовтың хабарламасын тыңдады.

Сонымен қатар, комиссия Май ауданы әкімінің орынбасары С.Солтановтың және Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Г.Сейтказиннің баяндамаларын тыңдап, Май және Павлодар аудандарының әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың 2021 жылғы жүргізіп жатқан жұмысы туралы есепті қарады.

Комиссияның қарау қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларды белгілей отырып, тиісті ұсынымдар қабылданды.