Елордадағы құрылыс алаңдарында мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жұмыс тобы қаланың құрылыс нысандарындағы 121 мұнара кранын тексерді.

Осы аптада жұмыс тобының өкілдері салынып жатқан “Миранда” және “Балқадиша” тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңдарында болды.

Тексеру нәтижесінде 81 мұнара кранында бұзушылықтар анықталды. Негізгі бұзушылықтар – мұнара крандарының техникалық құжаттамасының болмауы. Аталған мұнара крандарының жұмыстары анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.