Қарағанды облысында жастар үшін кәсіподақтық зияткерлік кездесулер жалғасуда

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығында «Келешек» Жастар кеңесі Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымымен бірлесіп кәсіподақ жастары арасында «Зияткер кәсіподақ жастары» зияткерлік кездесулер сериясының екінші ойынын өткізді.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру!» ұранымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналды.

«Зияткер кәсіподақ жастары» зияткерлік ойындарының екінші күніне «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақтарының облыстық филиалдарының, «YNTYMAQ» кәсіпкерлігінің, кооперация және кәсіпкерлік жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақтарының және Қарағанды облысының энергетикалық компаниялар тобының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ойынға кәсіподақтардың 40 мүшесінен құралған 8 команда қатысып, жеңіске деген жақсы ниетпен сайыса отыра логикалық есептерді шешуде жаңа білім алды.

Зияткерлік ойын нәтижелері бойынша үш команда көп ұпаймен финалға өтті. I орынды – Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының командасы, II орынды – «YNTYMAQ» кәсіпкерлік қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы, III орынды – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы иеленді.

Облыстық кәсіподақ зияткерлік ойынының қатысушылары мен жеңімпаздарын құрметті қазылар алқасы бағалап, құттықтады.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова кәсіподақ жастарының барлық өкілдерін табысты ойынмен құттықтап, белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табыс етті.

Екінші күнгі зияткерлік ойынның барлық жеңімпаздарына Мадақтамалар, Сарыарқа кинотеатрында сеанстарға билеттер тапсырылды, құрметті бірінші орын жеңімпаздарының командасына қосымша демеушінің «Chicken King» мекемесіне тегін кіруге сертификат тапсырылды.

Кәсіподақ кездесуі аяқталғаннан кейін оң толқынмен қатысушыларды ұйымдастырушылар шай дастарханына шақырды.