Кәсіподақтар елордада сенбілік өткізді

Сенбіліктер, ағаш отырғызу – бұл ұжымды біріктіретін, жалпы командалық рухты көтеретін, еңбек мәдениетіне оң көзқарасты қалыптастыратын шара.

Өткен сенбі күні Салалық құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шауашылық қызметкерлері кәсіподағының “Астана” филиалы құрылымдық және мүшелік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп «ЭКСПО» аумағында ағаш отырғызуды ұйымдастырды. Оған салалық кәсіподақ аппараты да қатысты. Кәсіподақ мүшелері емен мен жөке ағаштарын отырғызды.

Іс-шараға қатысушылар елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосып, жағымды эмоциялар алды.