Оралда Отан қорғаушылар күні қарсаңында кәсіподақ белсенділері марапатталды

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде мамыр айының мейрамдары қарсаңында мерекелік шаралардың қорытынды концерті өтті.

Білім ордасының құрылтайшысы  А.Әйтімов барша қазақстандықтарды және әріптестер мен студенттерді айтулы мерекемен құттықтап, М.Мәметованың 100-жылдығына арналған футзалдан шағын турнирге белсене қатысып, жүлделі орынға ие болған оқытушы профессорлық құрамды арнайы кубоктар және алғыс хаттармен марапаттады.


Университет ректоры  А.Баяхов кәсіподақ ұйымының мүшелерін, оның ішінде аса белсенділік танытқан қызметкерлерді Облыстық кәсіподақ ұйымы атынан Құрмет грамоталарымен марапаттады.

КазИИТУ кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Рахметов  РЖТҚ кәсіптік бағдар беру бөлімінің бас маманы  Аңсар Сапиевке қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

Отан қорғаушылар күні мерекесі аясында шақырылған арнайы қонақ, Ауған соғысының ардагері Сергей Пунгин болашақ отан қорғаушы жастарға отанды сүю, оған қызмет ету туралы ұранды сөздермен өз тілегін білдірді. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты.