ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтауы

Қадірлі достар!
ҚР Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ер есімі – ел есінде». Аға буынның даңқты ерлігі, жоғары жауынгерлік рухы өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Жеңіс күні – барлығымызға тәуелсіздіктің құндылығын сезіндіретін айрықша мереке. Сұрапыл соғыс жылдары ерлік пен елдіктің үлгісін көрсетіп, кеудесін оққа тосқан бүгінде қатары сиреп кеткен ардагерлеріміздің даңқты өмір жолдары тарих беттерінде алтын әріппен жазылып қала бермек.
Біз ерліктері ұрпаққа ұран болған батыр бабаларымыздың қантөгіс майданда қалдырған ізін жадыдан шығармаймыз.
Арамызда жүрген Екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлері мен тыл ардагерлеріне мың тағзым!
Аса ауыр ғасырлық жауапкершілікті мойнына алып, әлемді қайғы жамылдырып, аза тұттырған зұлымдыққа еш қаймықтастан қарсы тұрып, күресе білген батыр бабаларымыз басынан кешкен сол бір қантөгісті қаралы күндер әлемде ешқашан қайталанбасын!

Осынау айтулы, тарихи күнде Сіздерге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт күндер тілеймін!

Ізгі ниетпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин