Махамбет Құсаинов: “Референдум – жаңа Қазақстанға жасалған жарқын қадамдардың бірі”

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Махамбет Құсаинов: “Құрметті отандастар! Мемлекет басшысының Конституцияға өзгеріс енгізу үшін референдум жариялауы – жаңа Қазақстанға жасалған жарқын қадамдардың бірі. Біз өз пікірімізді, тұлғалық міндетімізді көрсете отырып, референдумға қатысуымыз керек. Себебі, әр салада маңызы бар мәселелердің оң шешім табуы үшін өзгерістер мен жетілдірулердің керегі хақ. Әркез жаңалықтар мен жетістіктерге ұмтылатын медицина қызметкерлерінің өкілі ретінде әрі жұмысшылардың ресми өкілі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің мүшесі ретінде аталған бастамаларды қолдайтынымды жеткізгім келеді.

Өскелең ұрпаққа болашағы зор, дамушы елде білім алып, өсіп-өнуі үшін бүгін біз маңызды қадамдар жасай білуіміз қажет! Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемде орын алып жатқан түрлі оқиғаларды есепке ала отырып, нық қадамдар жасап, еліміз үшін жаңа кезеңнің басталуына себепкер болып отыр. Осы істе жұмыла бірігіп, көркейген елдің келешегін бірге құрайық!”