Тұрақбай Сұлтанғалиев: “Референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға негіз болады”

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев: “Біз кәсіподақтар өкілі ретінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Конституцияға енгізетін түзетулер жобасы бойынша референдумды қолдаймыз. Әр азамат Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге өзі тікелей атсалыса алады. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласындағы шаруалардың түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған оң өзгерістерге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толықтай игеруге бағытталған мәселелердің шешімін табуын құптаймыз.

Кәсіподақ мүшелерінің, әсіресе, ауылдық жерлердегі қарапайым еңбек адамының лайықты жалақы алуын, әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту жайына баса көңіл бөлінсе деймін. Яғни, мемлекеттік басқаруда халықтың үлесін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер болғалы тұр деп ойлаймын.

Бұл жолы өтетін референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға негіз болады. Әділетті Қазақстан құруға әрбір ақтөбелік қатысады деген сенімдемін.

Ең негізгі мәселе, Конституцияда 98 бап болса, оның 33-не, яғни 3-тен 1-не өзгерістер енеді. Мұның ішіндегі Президенттің құзырынан Парламенттің құзыры кеңейіп, орталықтан өңірлердің құқығы артатын болады. Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет. Басты қағида осы. Ата заңды өзгертуге байланысты жоспарлар жүзеге асқалы отыр.

Яғни, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізелді. 2 бөлімнің атауы өзгереді. Ең негізгілері – Президенттің өкілеттілігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейеді. Конституциялық сот құрылады.

Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нығаяды”.