Референдум – жаңа кезеңге бастайтын қадам

«Тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы Ғ.Сахипов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға шақыру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында салалық кәсіподақ төрағасы аталған референдумның маңыздылығы жайында айта отырып, Ата заңымыздың 33 бабына түзетулер мен өзгертулер енгізіліп жатырғанына тоқталды. Бұндай тарихи сәтте әрбір қазақстандық өз болашағы үшін, жаңа қадамдар жасалуы үшін нақты шешім қабылдау керек екенін атап өтіп, кәсіподақ мүшелерін референдумға қатысуға шақырды.