Қоғамдық штаб мүшелері ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесті

Қоғамдық штаб мүшелері ағымдағы жылдың 5 маусым күні өтетін жалпыұлттық референдум бойынша Қасқасу, Қаратөбе, Тасарық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.


Кездесуде штаб мүшесі, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі республикалық референдум жөнінде үгіт-насихатты жүргізе отырып, «Қазіргі уақытта елдімізде мемлекет пен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаңғырту бағыты әрқайсымыз үшін тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік береді. Реформа аясында Ата Заңымыздың 33 бабына түзету енгізілмек. Яғни, еліміздің ең басты құжатының үштен бірі өзгереді деген сөз. Сол себепті, Республикалық референдум өткізу азаматтарымыздың конституциялық құқығы екенін, ол бүкіл халыққа ел болашағы үшін ортақ жауапкершілік жүктейтінін айтты. Осы орайда барша қатысушыларды алдағы 5 маусымда өтетін референдумға белсене қатысуға шақырамын». – деді.

Кездесу соңында қатысушылар Ата Заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.