Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік әріптестік аясында кездесу өтті

Қазақстандық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы М.Кусаинов Бөрлі ауданында іс-сапармен болып, Бөрлі аудандық ауруханасы басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында салалық кәсіподақ төрағасы Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы арнайы құжатқа қол қойып, сонымен қатар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңды бекіткенін атап өтті.

Еліміздің өркендеуі мен дамуына, азаматтардың құқықтарының қорғалуына бұл заңдардың әсері зор екеніне тоқталды. Президент Жолдауда басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшуді атап көрсетіп, Ата Заңымызда осы мәселелерге назар аударылып, заңдар қабылданатыны айтты. М.Кусаинов аурухана ұжымын референдумға қатысып, азаматтық позициясын танытуға шақырды.